Жалбырт — Сарытас шығанағына таяу, Таушық ауылының батысындағы шатқалында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы жерінде орналасқан қыстау. Жалбарттың шығысында құдық орындары сақталған, ортасында Ащыағар сайы бар. Шатқал аяғы Шақпақ атаға қарай терең аңғар сай болып кетеді. Шеттерінде бірнеше бөлек төрткіл, оңтүстік-батыс шетінен қырға сұғына енген сайды қуалап шығатын соқпақ жол жатыр.

Шығыс шетінде мергелді тау жынысынан түзілген аузы оңтүстікке қараған шағын үңгір бар. Жалбарт ежелден мал қыстауы. Қыстау жанында суы тұщы құдық орналасқан.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау облысы қыстаулары