Қой өсіруші - қой өсіруші, немесе шабан (қойшы), ежелден келе жатқан ата кәсіп. Қой өсіруші алдындағы ұрпақтардан тәжірибе-білім жинаған, немесе арнайы оқу (курстар) бітірген, жігерлі, жер мен жергілікті ауа-райын білетін, қойдың биологиялық ерекшіліктері мен өсіру технологиясын меңгерген адамдардан шығады.Қой өсіруші өздігімен қой отарын меңгеріп, қора-қоршауда ұстау, жыл маусымына қарай жайылымда жаю тәртібін сақтап, егізден қоздатып, сапалы жүн қырқып, қой етін ұтымды өндіре алатын, қажетті жағдайда қой басына алғашқы мал дәрігерлік көмек көрсете алуы керек.Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6
Дереккөздер
Санат:Мал шаруашылығы