Қоршауда бағу - малды жайылымда бағудың әдісі. Қоршауда бағу үшін табиғи жайылымдардың өсімдігі мен өнімділігі бірыңғай келетін шұрайлы жерлері мен екпе жайылымдардың жиегіне орнатылған бағаналарға сым тартылып, мүмкіндік болса онымен әлсіз қуаттағы электр тогы жіберіледі (элетропастух). Оған сүйкенген мал соққы алады да, екінші рет жоламай, қоршау ішінде жайылады. Малды іш құрттарынан (гельминттерден) сактандыру үшін қоршау ішінде жаю мерзімін бір аптадан асырмай, мал басын басқа қоршауға ауыстырады. Сонда жетіліп үлгермеген гельминттер жұмыртасынан мал залал шекпейді де, екіншіден мөлшерленіп жіберілген мал басынан жайылым оты да тықырланбай, қайта жетіліп отырады.Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6

Дереккөздер

Санат:Мал шаруашылығы