Рудничный, Көксу — Жетісу облысының Текелі қалалық әкімдігіне қарасты ауыл (1958 жылдан 2013 жылға дейін кент), Рудничный ауылдық округі орталығы.

Географиясы Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде, Суықтөбе тауының оңтүстік бөктерінде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1060 1016 95,8 501 493 98,4 559 523 93,6

Инфрақұрылымы Іргесі 1950 жылы Көксу полиметалл кен орнын игеруге байланысты қаланған. Рудничныйда полиметалл кеніші мен кен байыту фабрикакасы, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, қар көшкінінің алдын алу стансасы, т.б. кәсіпорындар бар.Қазақ энциклопедиясы, 7 - том

Дереккөздер

Санат:Текелі қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері