Абай Оразұлы Сағитов (18.8.1945 ж.туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар стансасы) — биология ғылымының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003)Қазақ энциклопедиясы, 7 - том. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргіҚазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген (1968). 1968 — 88 ж. Қазақ Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында, 1988 — 2001 ж. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ғылыми-педагог, басшылық қызметтер атқарды. 2001 жылдан Қазақ Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының директорыАуылшаруашылық фитопатологиясы, А., 2000;. Сағитовтың ғылыми жұмыстары ауыл шаруашылық дақылдарын зиянды организмдерден қорғау шараларын ұйымдастыруға арналған. Оның қатысуымен ауыл шаруашылығы дақылдарының нематофаунасының бірнеше іргелі ғылыми зерттеулері жүргізілді; жұмырқұрттарға қарсы шараларды интеграциялаудың теориялық және практикалық негіздері қаландыК проблеме контроля численности вредных саранчовых Казахстане //Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана, А., ғ6, 2001;. Сағитов ТМД елдерінде тұңғыш рет фитонематодтардан келетін шығынды болжау моделін құрудың концептуалды принциптерін ойластырған, сызықты экспоненциялды болжамдық моделінің жаңа алгоритмін және параметрлерін есептеу бағдарламасын жасаған. 250-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Медальдармен марапатталған Защита растений в Казахстане: проблемы и перспективы //Материалы международной научно-практической конференции “Актуальные проблемы защиты растений в Казахстане”, А., 2001..

Дереккөздер:

Санат:Тұлғалар