MS Allure of the Seas («Теңіз таңғажайыбы») — Oasis класындағы екінші лайнер. Әлемдегі ең үлкен кеме. Лайнер 2010 ж. Финляндияның STX Europe верфінде соғылған. Операторы — Royal Caribbean International. Өзінен басқа егіз сыңары Oasis of the Seas кемесі бар.
29 қазанда 2010 жылы кеме өзінің алғашқы сапарын бастайды. Атлантиканы кесіп өткен лайнер Форт-Лодердейл қаласына 11 қарашада 2010 ж. жетеді. Аргентиналық Hernan Zini алғашқы капитаны болып тағайындалады.COMMANDING ALLURE WITH PASSION (ағылш.)
Кеменің тарихы Американдық компания Royal Caribbean Cruises Ltd. 31 наурызда 2007 ж. Oasis класындағы кемелерді соғу үшін финдық STX Europe верфімен келісімшартқа отырады. 2008 ж. 12 наурызда верфьте құрылыс нөмірі 1364-ші киль төселеді.Royal Caribbean International Lays Keel of Allure of the Seas Құрылыс кезінде кеменің біршама конструкциясы өзгереді. 2009 ж. 20 қарашада құрылыс докына су жіберіледі. 2010 ж. қыркүйектің ортасына қарай кеме Балтық теңізімен жүру сынағына дайын болады. 2010 ж. 29 қарашада шоқындыру салтанаты өтеді. 1 желтоқсанда Allure of the Seas өзінің алғашқы саяхатын бастайды.
Кемедегі ойын - сауықтар Studio B — мұз айдыны.Мұндай айдын «Voyager» және «Freedom» кластарында да бар Casino Royal — теңіз флотындағы ең үлкен казино Opal Theatre — 1380 көрерменге арналған театр Blaze — түнгі клуб Jazz on 4 — джаз-клуб Dazzles — дискотека Royal Promenade — дүкендер мен мейрамханалар орналасқан атриум Парк — жолаушыларға арналған табиғи саябақ. Мұнда тірі экзотикалық өсімдіктер мен талдар егілген. 750 орындық сулы амфитеатр сонымен қатар баскетбол және волейбол алаңқайы, жасанды жартас, минигольф, боулинг, спа-салон, фитнес-орталық, бассейн, балалар мен жастарға арналған орындар және тағы да басқа. Кемеде жолаушыларға арналған түрлі бағдарламалар болып тұрады.
Кеменің суреттері
Тағы қараңыз Oasis of the Seas Royal Caribbean International Алып жолаушылар лайнерлер тізімі Өз заманындағы алып кемелер тізімі
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Royal Caribbean бетіндегі кеменің сипаттамасы (ағылш.) MarineTraffic кеменің фото суреттері
Санат:Круизді кемелер