Қарсақпай — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы кент.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ұлытау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 91 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2402 адам (1268 ер адам және 1134 әйел адам) болса, 2009 жылы 1668 адамды (889 ер адам және 779 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1159 адамды (597 ер адам және 562 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1911 жылы Қарсақбай-Аша қонысында қаланған. Қарсақпайда Қазақстандағы түсті металлургияның тұңғышы – мыс қорыту зауыты салынған.

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері