Ғани Әлімұлы Қалиев (19 шілде 1938, Белбасар, Жамбыл облысы — 12 наурыз 2024) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1986), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1994).
Өмірбаяны Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан. Қырғыз мемлекеттік университетін (1962) бітірген. 1963–64 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы. 1968–84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988–96). 1984–88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1991–96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды. 1999 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан социал-демократия «Ауыл» партиясының төрағасы. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.
Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары агро теория және саясат мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақ қой шаруашылық технология ғылыми-зерттеу институтында малдың жаңа тұқымдарын, типтері мен линияларын алудың әдістері жетілдіріліп, шаруашылықтарда сұрыптау және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарын жақсарту мәселелері терең зерттелді.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:Қазақстан партияларының төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің II шақырылымының депутаттары