Маңғыстау – Маңғыстау облысындағы ауыл (1966-2005 жж. кент), Мұнайлы ауданы мен Маңғыстау ауылдық округінің орталығы, теміржол бекеті.
Тарихы Іргесі 1966 жылы Ақтау – Бейнеу темір жолын салуға байланысты қаланған.
Географиялық орны Облыс орталығы Ақтау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Халқы 1970 1979 1989 1999 2009 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 4351 7611 10703 12433 14818 33141
Инфрақұрылымы Мұнда Маңғыстау мұнай-газ АҚ-ның 4 мекемесі, Атырау тасымалдау бөлімшесіне қарасты мекемелер бар. Агроөнеркәсіптік су шаруашылығы, жол құрылысы материалдарының комбинаты, мұнай өнімдерінің базалары орналасқан. Ауылда 4 мектеп, орталық аудандық емхана, емхана, жедел жәрдем және дәрігерлік амбулатория бар.
Галерея
Дереккөздер
Санат:Мұнайлы ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері