Вакуум-сүзгі — кеннен алынған флотациялық концентраттар қойылдырғыштардан өткізілгеннен кейін олардың ылғалдылығын төмендету үшін сүзіледі. Cүзуді тездету үшін сүзгіш матаның екінші жағынан ауа сорылып, вакуум жасалады. Осы мақсатпен қолданылатын аппараттар жиынтығын вакуум-сүзгі деп атайды. Олар сүзу бетінің пішініне қарай барабанды және дискалы болып екі топқа бөлінеді. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 .
Дереккөздер
Санат: Терминология Санат: Металлургия Санат: Тау-кен ісі