Коимбра қаласы (Португалия) — () Португалия қаласы. Халық саны 168 000 адам (2006 жылғы халық санағы бойынша). Жалпы ауданы 316,83 км².http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%B8%D0%BC%D0%B1%D1%80%D0%B0

Қаланың негізі 1111 жылы қаланған. 2004 жылы болған футболдан Еуропа чемпионатын Сидаде-де-Коимбра алаңында қабылдады. Коимбра Португалияның алғашқы астанасы.

Қазіргі таңда өзінің университетінің арқасында танымал. Ол Еуропадағы ең көне ЖОО-ның бірі. Университет мәдени және дәстүрлі мұраларға бай. Қала тұрғындарының ⅓ -і университетпен байланысты (мұғалім, студент, қызметкерлер).

Елдің астанасы Лиссабонның солтүстігінен 182 км қашықтықта Мондегу өзенінің бойында орналасқан.

Муниципалитет

Солтүстігінде –Меальяда муниципалитеті Шығысында –Пенакова, Вила-Нова-де-Пойареш, Миранда-ду-Корву муниципалитеттері Оңтүстігінде –Кондейша-а-Нова муниципалитеті Батысында –Монтемор-у-Велью муниципалитеті Солтүстік-батысында –Кантаньеде муниципалитетімен шектеседі.

Құрамына кіретін аудандар

Алмалагеш Алмедина Амеал Антаньол Антузеде Арзила Ассафарже Ботан Брашфемеш Каштелу-Вьегаш Сейра Сернаше Эйраш Ламароза Рибейра-де-Фрадеш Санта-Клара Санта-Круш Санту-Антониу-душ-Оливайш Сан-Бартоломеу Сан-Жуан-ду-Кампу Сан-Мартинью-де-Арворе Сан-Мартинью-ду-Бишпу Сан-Паулу-де-Фрадеш Сан-Силвештре Се-Нова Созелаш Тавейру Торре-де-Вилела Торреш-ду-Мондегу Трошемил Вил-де-Матуш

Дереккөздер

Санат:Португалия қалалары