Балаклея () – Украинадағы Харьков облысының Балаклея ауданындағы қала. Балаклея қала кеңесінің әкімшілік орталығы (құрамына Крейдянка ауылы кіреді).

Географиялық орналасқан жері

Солтүстік Донец өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қала аумағынан Т-2105 және Т-2110 автокөлік жолдары мен Балаклея станциясы орналасқан. Қала атауы Балаклейка өзенінің атауымен байланысты (түрік тілінен аударғанда «балық өзені»).

Қала халқы

1732 жылы – 1 186 мың адам 1989 жылы – бүкілодақтық халық санағының нәтижесі бойынша 35 700 мың адам. 2001 жылы – 32 117 мың адам

Атақты тұлғалары

Оксана Андреевна Петрусенко (1900-1940 жылдар) – 1900 жылы 2 ақпанда Балаклея қаласында дүниеге келген атақты украин опера әншісі. Арнольд Григорьевич Шевелев – Балаклея қаласында дүниеге келген тарихшы. Владимир Иванович Ковалевский – ресейлік мемлекеттік қайраткер, ғалым және кәсіпкер. Яков Самойлович Эдельштейн – ресейлік геолог және географ.

Дереккөздер

Санат:Харьков облысы қалалары