Гьөр () — Мажарстанның солтүстік-батысындағы маңызды қала. Халық саны 127 594 адам (2005 жылғы халық санағы бойынша).

V ғасырда бұл жерлерді кельт қонысы болған. Ал Рим империясының кезінде қала болып, «Арабонна» деген атпен танымал болған. IV ғасырға дейін қала варварлардың шабуылына төтеп береді, дегенмен империя құлаған соң қалада қорғаны да әлсірейді.

XVIII ғасырда қалада көптеген сарайлар мен шіркеулер салынып, 1743 жылы патшалықтың ерікті қаласы деген дәреже беріледі.

XIX ғасырдың басында қала наполеондық шайқастардың басты алаңы болады. 1809 жылы 14 маусымда Франция әскері қала түбінде Аустрия әскерін талқандайды. Бұл шайқас тарихта «Рааб түбіндегі шайқас» деген атпен белгілі.

XIX ғасырда қала маңызды Мажарстанның маңызды өнеркәсіптік орталық болған.

Дереккөздер

Санат:Мажарстан қалалары Санат:Дунай бойындағы қалалар