Борис Николаевич Карнаухов 1937 жылы 14 қыркүйекте Башқұрт КСР Мелеуз қаласында туған. Орыс. Бүкілодақтық сырттан оқытатын политехникалық институтының геологиялық барлау факультетін бітірген (1967), инженер-геолог. Бірқатар геологиялық есептеме мен жобалардың тең авторы әрі авторы. Қазақстанның геологиялық журналдарында жарияланған 6 мақаланың авторы. КОКП мүшесі (1958-1991). 1958 жылдан- Ізденіс және түсірілім стратграфтық партияның жұмыскері. 1959 жылдан - Қазақ минералды шикізат институтының ғылыми қызметкері. 1973 жылдан- Ізденіс және түсірілім экспедициясының ізденіс жасағының басшысы, геологиялық бөлімінің жетекші маманы. 2000 жылдан - «Геолог-А» ЖШС директоры, 2002 жылдан бері - директордың орынбасары. Кендіктас тауларында, Оңтүстік Балқаш өңірінде, Қырғыз жотасында және Мозамбик Халық Республикасында геологиялық түсірілім және әртүрлі көлемдегі іъденістер жұмыстарын өткізген.

«Еңбек ардагері» медалімен, «Жер қойнауын барлау ??? ты» белгісімен, Шанқанай табиғи цеолиттер кен орнын ашқаны үшін «ҚР кенін түңғыш ашушы» дипломы мен өнер белгісімен марапатталған.

ҮйленгенҚазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:14 қыркүйекте туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Мелеузде туғандар Санат:Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Бүкілодақтық сырттан оқытатын политехникалық институты түлектері Санат:Қазақстан кенін тұңғыш ашушылар