Визильтир Рувим – (10.1. 1912, Украина, Житомир облысы, Рогачев ауылы) - байланысшы.
Ленинградтың электротехникалық байланыс институтын бітіргеннен (1939) кейін Ақтөбе, Көкшетау, Қарағанды облыстарының байланыс басқармаларында басшы қызметтерде болған. 1962-72 жылдары Қарағанды облысы өндірістік техника байланыс басқармасының бастығы болып істеді. Ол басшылық еткен кезде оның тікелей қатынасуымен Қарағанды облысында 4 телевизия орталығы, облыстың аудан орталықтарында автоматты телефон станциялары іске қосылды.
Байланыс саласын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5
Дереккөздер
Санат:10 қаңтарда туғандар Санат:1912 жылы туғандар Санат:Житомир облысында туғандар Санат:Санкт-Петербург электротехникалық байланыс институты түлектері Санат:Қазақстан байланысшылары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері