thumb|right|400px|Кейкі батырға орнатылған Арқалық маңындағы кесене Кейкі батыр Көкембайұлы (Нұрмағамбет) (1871–1923) — 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған.

Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды.

Кейкі батыр Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. 1919 жылы 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады.

Ақыры, 1922 жылдың көктеміңде комиссар Александр Токаревті атып кеткен Кейкіні 29 наурызда қызыл әскерлер айуандықпен өлтірді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық аланына сырыққа шаншып қойды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал 1926 жылы республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке алып кеткен. Батырдың бас сүйегі Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы болды. 2016 жылы Кейкі батырдың бас сүйегі елге қайтарылып, Аралық – Торғай тас жолының бойында орнатылған кесенеге батырдың бас сүйегі жерленді, сонымен қатар ол қаза тапқан Жалаулыдан топырақ әкеліп салынды.

Кейкі мергеннің ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді аудандағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады.

1996 жылы батырдың 125 жасқа толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том

Әдебиет пен ғылыми зерттеулердегі Кейкі батыр бейнесі Кейкі батырдың бейнесі халқымен бірге жасап, өміршеңдік танытса да кеңес дәуірінде партиялық саясаттың ызғарымен ғылыми зерттеулерден оның аты алынып тасталды. Соған қарамастан, батырдың бейнесі кеңестік әдеби шығармаларда кең көрініс тауып, майталман жазушыларымыздың шығармаларында шындық астарланып берілді. Атап айтсақ, Ғ. Мүсіреповтың «Аманкелді» пьессасы, М. Қаратаевтың «Даладағы дауыл», Қ. Сәрсекеевтің «Қызыл жалау», А. Нұрмановтың «Құланның ажалы» романдары және т.б.. Тағы бір еске аларлығы М.Қаратаев, Қ. Сәрсекеев, А. Нұрманов сынды жазушыларымыз сол Торғай өлкесінің тумалары ретінде және батыр жайлы естеліктерді жастайынан бойларына сіңіріп өскендіктен тарихи ақиқаттан алыс кетпеген десек, ал, заңғар жазушы Ғ. Мүсірепов ХХ ғасырдың 30 жылдары Аманкелді Имановқа қатысты материалдар жинау үшін Торғай өңірін аралаған, 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі шайқас болған жерлерді көзі көреген, батырдың жарымен кездескен, көнекөз қариялардың естеліктерін тыңдап қағазға түсірген адам және осы сапарында Кейкіге қатысты да әңгімелерге қаныққан.

Ал, Тәуелсіздік алған уақыттан бастап батырдың тарихи тағдырына арнап К. Әмірқызы, С.Тұрғынбекұлы, А. Байжан, Ә. Қылышбайұлы, Қ. Әлім және тағы басқалары мерізімді баспасөз беттерінде қалам тартты. Бірақ жарық көрген мақала, кітаптарда Кейкі батырдың күрес жолы тек ел аузындағы аңыз-әңгімелер негізінде жазылды және мұндай талпыныс батырдың тағдырына қатысты көптеген жаңсақтықтарға жол ашты, оның ішінде оның туып-өлген жылдары, кеңестік билікке қарсы күрескен тұстары. Мұның басты себебі мұрағат қорларындағы құжаттардың сол уақытта әлі ғылыми айналымға түспеуі еді. Өйткені, Кейкі батыр тарихшы мамандардың арнайы зертеу нысанына алынбаған болатын, яғни халық жадындағы батырдың асқақ бейнесі дәуірінде құжатқа түскен құжаттармен нақтыланбады. Өмірбаяны Жас кезі Кейкі Көкембайұлы 1877 жылы Торғай уезі, Қайдауыл болысында өмірге келген (қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Тасты ауылы). Азан шақырып қойған аты Нұрмағанбет, руы Құлан Қыпшақ. Көп кісіге қосылмай кейкиіп жүретін болғандықтан жеңгелері «Кейкі» атап кеткен. Сөйтіп, ел арасына «Кейкі» атымен танылған. Шежіреге зер салсақ Кейкі бес ағайынды болған: Көкембайдан Оспан, Қосжан, Омар, Кейкі және Шұбар. Осылардың ішінде бүгінде тек Қосшанның ғана ұрпағы бар. Кеңес дәуірінде Көкмбайдың кіндігінен тараған ұрпақтары «банды», «басымашының» туыстары деп айыпталып, билік басындағылардан тепірешті көп көрді.

Жастайынан батыр мінезді Кейкі өзімен рулас Торғай өңіріндегі атақты бай Шашамбайдың Рахметі деген кісінің бетке ұстар жылқышысы болған. Аманкелдімен бірге барымташылыққа да түскен сарабдал азаматтардың қатарында бой түзеді. Ұлт-азаттық қозғалысқа аттануы Кейкі батырдың елін күреске бастап шығуы және отарлық саясатқа қарсы қарулы қарсылық танытуы, атының ел аузына ілігіп "құралайды көзге атқан мерген", "батыр" атануы Торғай даласындағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі тұсында орын алды.

Қазақ даласын тұтастай шарпыған Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусым жарлығы түрткі болған азаттық жолындағы күресте Кейкінің батырлығымен қатар құралайды көзге атқан мергендігі кең танылды. Сол көтеріліс кезінде ол Торғай даласында құрылған Қыпшақ хандығының мергендер мыңдығын басқарды.

Әу баста "патшаға қара жұмысқа адам бермейміз" деп өз қарсылығын танытып, ұйысқан халық бара-бара жеке хандық құрып, ауыз бірлігін танытты. Көтерілісшілердің 50 мыңдық әскеріне қарулас серігі А.Иманов Бас сардар, Кейкі мергендердің мыңбасы болып тағайындалса, хан қылып халқы Ә.Жанбосыновты көтерді.

Ерлігімен көзге түсуі Кейкі батырдың атышулы ерліктері 1916 жылдың күзі мен 1917 жылдың қысындағы Торғай, Құмкешу, Доғал, Үрпектегі және басқа да патшаның жазалаушы әскерлерімен болған шайқастарда анық көрінді, асқан мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті, яғни көтерілістің даңқты қаһарманына айналды, ерлігі аңыз болып тарады.

Оның көтерілісшілерге келіп қосылуынан хабар беретін алғашқы құжат 1916 жылғы 30 желтоқсандағы Торғай уезі, Қайдауыл болысы С.Бектасовтың уезд басшылығына жазған жеделхатындағы «...№11 ауылдан 10 адаммен Кейкі Көкембаев қосылды» деген мәліметіА.Иманов. Мақалалар, материалдар, документер. А., 1975 ж., 65 б.. Біздіңше бұл мәлімет Кейкі батырдың Торғай өңірінде көтерілген елге соңын ала қосылды деген ойды туғызбаса керек. Өйткені, 1916 жылғы 9 шілде көтерілістің орталығына айналған Батпақарада Ә.Жанбосынов басқарған сарбаздардың арасында Аманкелдімен бірге Кейкіде жүрді. 24-шілдеде Торғай уезді бастығының хабарлауынша Торғай және Ырғыз қазақтарының қырға көшуі, онда қарулы сарбаз құру туралы хабарланған болатын.Мырзағалиұлы М. 1916-1917 ж. Торғай қазақтарының көтерілісі.-А., 2005, 162 б. Алашқы шайқастар Сол жылдың қазан айында 7 мыңдай қарулы сарбаздар Ақтүбек деген жерге жиналып, Торғай қаласына шабуыл жасау, әскери гарнизонды басып алу мәселесін талқыға салды. Әсіресе, Кейкі батырдың алғаш сынға түсуі 1916 жылы 21 қазанда Татыр көлі маңында патшаның жазалушы әскерімен болған ашық шайқаста өтті. Ол басқарған мергендер мыңдығы жазлаушылардың шабулына тойтарыс беруде асқан ерлік танытты. 6 қарашада Ә.Жанбосынов пен О.Шолақовтың біріккен қолы Торғай қаласына шабуыл жасады. Осы қаланы басып алу жолындағы күресте Кейкі бастаған мергендер нысанаға алғанын баудай түсіріп отырды.

Қыстың түсуіне қарамастан көтерілісшілер күресін жалғастыра берді. 1917 жылдың 13 қаңтарында көтерілген халықты сабасына түсіруді мақсат етіп ел ішіне шыққан Кислов басқарған Қостанай жазалаушы әскеріне Аманкелді мен Кейкі басқарған 1 500 сарбаз Шошқалы қопасында тұтқиылдан шабуыл жасады. Күштің тең болмау салдарынан шегіне жүріп ұрыс салған қазақ сарбаздары жазалаушы әскерге Күйік қопасында қайта ұрыс салды. Нәтижесінде жазалаушы әскердің мақсаты орындалмай кері шегінді. Доғал-Үрпек шайқасы 1917 жылы 16 ақпанында Торғай көтерілісшілерінің тобын жою үшін полковник Тургеневтің Орынборлық 13 атты казак полкі Батпаққараға бет түзеді. Жазалаушылардың қалың қолына көтерісшілер 20 ақпанда Құмкешуде, 23 ақпанда Доғал-Үрпек бойында шабуыл жасап, патша әскерін едәуір шығынға ұшыратты. Осы шайқаста Кейкі батырдың тапқырлығы, соғысу тәсілдерін меңгерген шеберлігі, нысанаға алғанын мүлт жібермей, жауына жасындай тиген ерлігі ел аузына ілгіп, даңқы асты. Сол шайқастардың куәгері ақын Ф.Сатыбалдыұлының: "100 жігіт жетіп келді Қапар ханға, Мен мұндалап аттары аталғанда. Кейкі менен Өменді басшы қылып, елуден аттандырды Тышқантамға. Қолынан бір Кейкінің 40-ы өлген, Тұрған соң шама барма аруағы асып" - деп батыр ерлігін жырға қосты.Ана тілі, 20.03.1997. 4 б. Тапсырманы орындай алмаған полковник Тургеневтің Торғайға қарай шегіне қашқан жазалаушы әскерінің соңынан екі күндей қуып Кейкі бастаған мергендер тобы 50 әскердің көзін жойды. Қазан төңкерісі тұсында Орталық Ресейде 1917 жылы ақпанда патша тақтан құлап, уақытша үкімет орнаған тұста Торғай жеріндегі көтерілісшілер әскрлерін таратпай, істің ақырын күтті. Өйткені, қазақ даласындағы билік үшін жүріп жатқан ақ пен қызылдың тартысы, шыны керек қарапайым қазаққа түсініксіз қалыпта өрбіді. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі нәтижесінде өкімет басына келген большевиктер билігі уақыт өткен сайын нығая түсті. Торғай жеріне жаңа биліктің өкілі ретінде облыстық комиссар болып келген Ә.Жәнкелдиннің үгіт-насихатымен А.Иманов пен Кейкі Көкембаев бастаған 1916 жылғы көтерілістің сарбаздары большевиктер жағына шықты. Сол күндерде «Сен ақ жағындасың ба, әлде қызылдарға қарайсың ба?» - деп сұраса, «Мен Аманкелді қай жақта болса сол жақтамын» - деп жауап қататын Кейкі батыр 1918 жылы 18 наурызда А.Имановпен бірге Орынборда өткен бірінші жалпы қазақ сиезіне қатысады. «Бұл сиезде Ә.Жәнкелдинде болды. Сиезден кейін ол жақтан Аманкелді мен Кейкі жаңа әскери киімде оралды. Бұл киімде олар нағыз үлкен командирлерге ұқсайтын» деп жазады, өз естелігінде сол күндердің куәсі А.Ерходжаев.ҚР ПМ, 811-қор, т-6, іс-204 3 бет

Аталған жиыннан оралсымен Ә.Жәнкелдиннің тапсырмасымен А.Иманов пен Кейкі батыр Торғай уезінде большевиктердің жергілікті билік органын және қызыл армияның отрядттарын құруға кіріседі. Бірақ, 1919 жылғы сәуір айындағы А.Имановтың және Қыпшақ хандығының ханы Ә.Жанбосыновтың жұмбақ жағдайдағы өлімдері деректерге қарағанда батыр өміріндегі үлкен бетбұрыстың басы болды. Кейін кеңес өкіметінің Алаш қайраткерлеріне қарсы қудалау науқанын бастап, жүргізгенде Аманкелдінің өліміне кінәлілер ретінде алаштықтар ілікті және сол жұмбақ өлім айып болып тағылды. Кейкі бастаған қарулы сарбаздар қос ерінің өлімінен кейін сеңдей соғылысқанымен, іргелерін ыдыратпады. Билік басындағылардан әзірге еш қайран болмасын түсінген олар қаруларын тастамады. Бұған 1919 жылы қазан айында Торғайға ат басын бұрған Ә.Жәнкелдинде (Ә.Жәнкелдин. Докум. мен мат., А., 1975, 67 б.), Өлкелік әскери комиссариаттың инспекция төрағасы да Торғай уезіндегі халықтың қаруларын әлі де тастамағандығын атап өткен.Арқалық айм. мем. мұр. қ-109, т-1 іс-2, 2 б. Атқа қону Кейкі бастаған сарбаздардың қайта атқа қонуына қызылдардан жөңкіле қашқан Колчактың қалдық әскерлерінің бейбіт ауылдарды тонауы себеп болса, бір жағынан қызыл әскерлердің де азық-түлік салғыртын жинауды сылтауратып қазақ ауылдарына істеген зорлық-зомбылығы әсер етпей қоймады. Жергілікті атқамінерлердің мұндай бассыздықтары жайындағы деректерді 1920 жылы 10 ақпанда Торғай уездік әскери комиссариатының қызметкері Валидов баяндамасында молынан келтірген.ҚР ПМ, қ-40, т-1, іс-241, 1 б. Бұл Кейкі сынды ерлердің жаңа билікке деген көңілдерін суытты.