Сораң – Қызылтас тауларының солтүстік бөлігіндегі тау сілемі.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылының оңтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1208 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр.
Геологиялық құрылымы Элювийлі-делювийлі шөгінділерден тұратын төменгі девонның жанартаутекті жыныстарынан түзілген. Көптеген қайнар көздері бар.
Өсімдігі Топырағы қызғылт қиыршықтасты, кей жерлерде қызғылт топырақты сортаң. Жусан, көде, шілік өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары