Еміл, Емел – Алакөл алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Мақаншы ауданы жерінен ағып өтеді. Ұзындығы 254 км., су жиналатын алабы 21,6 мың км².

Бастауы Шығыс Тарбағатайдың сілемі Ұрқашар баурайындағы (Қытайда) бұлақтардан басталып, Алакөлге құяды.

Гидрологиясы Қар, жер асты суларымен толығады. Орта және сағалық бөлігіндегі құмды жазықпен өтетін арнасы енді (30 – 50 м), жағасы жайпақ келеді. Атырауында сортаң шалғындар көп өседі. Желтоқсанда суы қатып, наурызда мұзы ериді. Суы егістік суғаруға пайдаланылады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мақаншы ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы