ГУЛАГ, Еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы – КСРО-да 1934 – 56 жылдары айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының бөлімі.

Қарамағында 53 лагерь болды. 1930 жылы Кеңестік жүйедегі осы еңбекпен түзеу жүйелерінің пайда болуындағы тарихымыздың ақгандақ беттерінің ең ауыр кезеңі Сталиндік дәуірмен тыгыз байланысты. Болашақ ГУЛАГ-тың алғашқы ошақтары КСРО территориясында 1930 жылы тікелей Сталиннің бұйрығымен пайда болып, көп ұзамай бұл лагерьлер алып азап империясына айналды.

1921-1953 жылы ВЧК(БТК), ОГПУ, НКВД (ІІХК), МВД (ІІМ) органдары соттаған 4,1 миллион адам сонда қамалды. Олардың 800 мыңдайы атылды, 2,6 млн-нан артығы түрмелер мен лагерлерге қамалып, 400 мыңдайы жер аударылды. 1930-1953 жылы КСРО еңбекпен түзеу лагерлерінде болған 6,5 млн адамның 1,3 млн-ы саяси тұтқындар деп есептелген. Тағы бір, 1938 жылы 1 сәуіріндегі, деректе осындай зұлмат қамытын киген 2 млн адамның көбі дерлік не саяси, не қылмыстық айыпкер емес, қарапайым еңбек адамдары, отбасы мүшелері, үй шаруасындағы әйел адамдар, бала-шағалар, 1937 — 1938 жылдардағы «Үлкен террордың» құрбандары еді. Олардың көбі дерлік, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардықтан, «халық жаулары» саналды. «Тәртіп бұзушылар» қатаң жазаланды. Құқықтары аяқ асты етілді.

1956 жылға дейін Гулаг лагерьлерінде жалпы саны 22 млн адам, оның ішінде:

830 мың орыс 181 мың украин 44 мың белорус 25 мың татар 24 мың өзбек 20 мың еврей 18 мың неміc 17 мың қазақ 16 мың поляк 12 мың грузин 17 мың армян 9 мың түрікмен 5 мың башқұрт 4 мың тәжік, басқа да 100-ден астам кеңестік ұлт өкілдері осындай зұлматтан өтті.

«Халық жаулары», тегін жұмыс күші ретінде, сол кездегі «үлкен» өндіріс пен халық шаруашылығының әртүрлі саласын «өркендетуге» жегілді. Тұтқындар, соноу Қиыр Шығыс, Сібірден бастап, барлық солтүстік өңірлерді қамтып, Қазақстанның да өндіріс орындарын игеруге пайдаланылды. Ұлы Отан соғысы басталып, аяқталғанға дейін олардың күшімен 640 зауыт іске косылды, 842 аэродром, 8 мың км автомобиль жолдары, көптеген домна, мартен пештері, т.б. салынды. Сғгыстан кейін атом, сутегі бомбаларын шығарып, оларды сынауға, сынайтын шахталарды ұңғылауға да сол (Қазақстанда) тұтқындар айдап салынды. КСРО-да мұндай жалпы саны 53 легерь болды. 1934-1956 жылы барлығы бірдей жазалаушы органдардың ерекше қатаң бақылауында болды. Осындай ГУЛАГ 20-дан астамы Қазақстан жерінде орналастырылды. Лагерь атауыОрналасқан жеріЖұмыс түріКүндер/жылдарТұтқын саныЕрмаклагШығыс Қазақстан облысы, Аврора станциясыҚорғаныс өнеркәсібі, теміржол төсеу, бетон зауыттары, құм карьерлері, электр жүйелері14.05.1951 – 01.08.19533000ПавлодарПавлодар облысыКомбайн (трактор) зауыты құрылыс28.05.1955 – 03.09.19568700МайқайыңлагБаянауыл ауданыАлтын өндіру14.07.1947 – 29.04.19531000Дальний лагерь (Особлаг №11, Екібастұз)Павлодар облысыКөмір разрездері24.04.1952 – 08.04.19543100СтепняклагАқмола, КөкшетауЖолымбет көмір руднигі14.07.1947 – 29.04.19531700Атбасар ЕТЛҚазССР тың және тыңайған жерлерСовхоздар мен астық қоймалары құрылысында10.02.1955 – 06.09.19562000КемпірсайлагАқтөбе облысыӘртүрлі жұмыстар–250Ақтөбе ЕТЛАқтөбе облысыӘртүрлі жұмыстар–15000АстраханлагГурьев (Атырау)Әртүрлі жұмыстар–7900Прорвин ЕТЛ–Әртүрлі жұмыстар–10400Степной лагерьЖезқазғанӘртүрлі жұмыстар–29000Жезқазған ЕТЛЖезқазғанӘртүрлі жұмыстар–13000Қарағандыдағы лагерьлерҚарағандыӘртүрлі жұмыстар–138200 Барлық лагерлерьдің аймақтық басқармасы Алматы қаласы орналастырылды.

Алматы қаласы (Қазлаг, Қазулон) өзінде және оның төңірегінде 16000 адам басбайлы жұмысқа тартылды. КарЛАГ, АЛЖИР, Песчанный ЕТЛ, ОсобЛАГ т.б.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жылды Жалпы ұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялады. Осыған орай республика азаматтарының көптеген қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының өтініштерін ескере отырьш, жалпы ұлттық татулықты, қогамдық саяси тұрактылықты нығайту мақсатында Жарлық шығарды.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:КСРО ішкі істер министрлігі