thumb|right|200px| Михаил Порфирьевич Вяткин (9.8.1895 жыл, Орынбор қ. – 7.12.1967 жыл, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ.) – тарих ғылымдарының доктыры (1944 ж.), профессор (1946) ж., Қырғызстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1954 ж.), РКФСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақ, қырғыз халықтарының тарихына қатысты көптеген зерттеулердің авторы.

Томск мемлекеттік университетін бітірген (1921) ж.Қазақ Энциклопедиясы 1934 ж. М.Н.Покровский атындағы Ленинград педогогика институтының аға ғылыми қызметкері. 1945 ж. КСРО тарихы кафедра меңгерушісі болған. 1957 жылдан өмірінің ақырына дейін КСРО FA Тарих институтының Ленинград бөлімшесін басқарды.

Еңбектері 1935 жылдан бастап КСРО, Қазақстан мен Қырғызстанның тарихын зерттеумен шұғылданды. 70-тен аса ғылым еңбектерінің көбі Қазақстан тарихына арналған. 1941 ж. Алматыға көшті, Қазақ КСР тарихы 1-томының очеркін жазды. 1943-49 ж. жарық көрген Қазақ КСР тарихының бірнеше тарауының авторы және редакциялық алқа мүшесі. Ол 1947 ж. шыққан "Сырым батыр" монографиясы үшін (1951 ж. қазақ тіліне аударылған) КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды (1948). Онда Вяткин Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз халқының ұлт-азаттық көтерілісіне жан-жақты талдау жасайды. Ол Сырымның қайраткерлігіне жоғары баға берген.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:21 тамызда туғандар Санат:1895 жылы туғандар Санат:Орынборда туғандар Санат:7 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:КСРО тарихшылары Санат:Ресей тарихшылары Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Ленинград педогогика институтының профессорлары Санат:РКФСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Томск мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақ КСР ғылым академиясы корреспондент мүшелері Санат:Қырғыз КСР ғылым академиясы корреспондент мүшелері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Санкт-Петербург мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті оқытушылары Санат:Санкт-Петербург технологиялық институты оқытушылары Санат:Санкт-Петербург технология және дизайн университеті оқытушылары Санат:Томск мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:РҒА ИИЕТ қызметкерлері Санат:РҒА СПбИИ қызметкерлері Санат:Емельян Пугачев бастаған Шаруашалар соғысы тарихнамасы