Хасенұлы Иген (1942 ж.т. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылы) – баспагер, жазушы, аудармашы, қазақ энциклопедиясының іргетасын қалаушылардың бірі.Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X.
1965 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 1965—70 жж. Республика халық шығармашылығы үйінде драматургия бөлімінің редакторы, 1971-97 жж. Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың 1-орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақ энциклопедиясының қазақ тілінде жатық сөйлеуіне, ғылыми терминдердің қалыптасуына мол қызмет жасады. Балаларға арналған "Ол кім? Бұл не?", "Негеш", "Алматы", "Атырау" энциклопедияларын шығаруға тікелей жетекшілік етті.
1998 жылдан "Атамұра" баспасында жетекші маман. Тарих саласындағы оқулықтар мен энциклопедиялық басылымдарды баспаға әзірлеу ісіне көп еңбек сіңірді.
Бірнеше шағын пьесалардың, "Тобылғылы дала толғауы" (2002, әңгімелер, повестер) мен "Төрт ана" (басқа авторлармен бірге) жинақтарының авторы. Шетел тілінен бірқатар кітаптарды (В.Белов "Үйреншікті шаруа", И.Дубинский, Мухадезе "Орджоникидзе", Дж.Родари "Джельсомино суайттар елінде") аударған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1980), Мәдениет қайраткері құрмет белгісімен (2002) марапатталған.
Дереккөздер
Санат:1942 жылы туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері