Билікөл — Шу-Талас алабындағы көл.

Географиялық орны Жамбыл облысы Тараз қаласының солтүстік-батысында 70 км жерде, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Абсолюттік биіктігі 438 м.

Гидрографикасы Аумағы 85 км², ұзындығы 18 км, ені 7,5 км-ге дейін, ең терең жері 8 м. Жауын-шашын мол жылдары су көлемі 182 млн. м³-ге жетеді. Суы тұщы. Билікөлге Аса өзені шығыс жағынан құйып, солтүстігінен ағып шығады.

Жағалау сипаты, су байлығы Жайпақ құм жағалауында қоға аралас қамыс өседі. Көлде сазан, шабақ, табан балық, ақ амур, майшабақ, т.б. бар. Көл суын төңіректегі шаруашылықтар егіс суаруға пайдаланады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы көлдері Санат:Аса су алабы көлдері