«The Gentleman’s Magazine» () — 1731 жылдың қаңтарында Лондонда Эдуард Кейв құрған ай сайынғы журнал. Бастапқыда «The Gentleman’s Magazine: or, Trader’s monthly intelligencer» деп аталды. Кейв білімді оқырмандарды қызықтыратын кез келген тақырыптағы — тауар бағасынан бастап латын поэзиясына дейінгі жаңалықтар мен пікірлерді қамтитын басылым шығаруды жоспарлады. Сильванус Урбан () лақап атын алған Кейв журналдың бас редакторы болды. Ол ағылшын тіліндегі magazine («қойма») сөзін алғаш рет «журнал» мағынасында қолдана бастады (бұған дейін journal сөзі қолданылатын). «The Gentleman’s Magazine» пайда болғанға дейін мамандандырылған басылымдар болғанымен, ешқайсысы бұндай ауқымды тақырыптарды қамтыған жоқ. Әр кезеңде әртүрлі редакторлар басқарған бұл басылым XVIII ғасырда және XIX ғасырдың ортасына дейін үлкен танымалдыққа ие болып, 1907 жылы жабылды. Дереккөздер
Санат:Ағылшын тілді журналдар Санат:1731 жылы негізі қаланған журналдар Санат:Ұлыбритания журналдары