DJ Magazine (қысқартылған түрі – DJ Mag) – электронды би музыкасына және диджейлерге арналған ай сайын шығатын британ журналы.
Журналдың алғашқы нөмірі 1991 жылы жарыққа шығады. Ағылшын тілінен басқа, болгар, испан, итальян, қытай, неміс, португал, поляк, украин және француз тілдерінде басылып шығады. Журнал жыл сайын «диджейлердің Топ 100» және«түнгі клубтардың Топ 100» рейтинг-тізімін жариялайды. 2009 жылдан бері екі рейтинг те ашық дауыс беру арқылы құрылады.
DJ Mag нұсқасының диджейлер рейтінгісінің электронды би музыкасында алатын орны ерекше.
Топ-100 рейтингтері Журнал жыл сайын екі рейтинг тізімін жариялайды: «Топ 100 диджей» және «Топ 100 түнгі клуб». 2009 жылдан бастап екі рейтинг де ашық дауыс беру негізінде жасалады. Жыл сайын «Топ 100 диджей» номинациясы бойынша 1 миллионнан астам адам, ал «Топ 100 түнгі клуб» номинациясы бойынша 400 мың адам дауыс береді. DJ Mag нұсқасы бойынша диджейлер рейтингі осындай рейтингтердің ішіндегі ең беделділерінің бірі болып табылады және электронды би музыкасы индустриясы үшін үлкен маңызға ие. Журнал International Dance Music Awards сыйлығымен «үздік музыкалық журнал» номинациясында рекордтық 17 рет марапатталды.
Рейтинг көшбасшылары Рейтинг құрыла бастағаннан бергі жылдар ішінде алғашқы үш орынның бірін иеленген диджейлер мен орындаушылар: Жыл1231997 Карл Кокс Пол Окенфолд Саша1998 Пол Окенфолд Карл Кокс Судья Джулес1999 Пол Окенфолд Карл Кокс Саша2000 Саша Пол Окенфолд Джон Дигвид2001 Джон Дигвид Саша Дэнни Теналья2002 Tiësto Саша Джон Дигвид2003 Tiësto Пол ван Дайк Армин ван Бюрен2004 Tiësto Пол ван Дайк Армин ван Бюрен2005 Пол ван Дайк Tiësto Армин ван Бюрен2006 Пол ван Дайк Армин ван Бюрен Tiësto2007 Армин ван Бюрен Tiësto Джон Дигвид2008 Армин ван Бюрен Tiësto Пол ван Дайк2009 Армин ван Бюрен Tiësto Давид Гетта2010 Армин ван Бюрен Давид Гетта Tiësto2011 Давид Гетта Армин ван Бюрен Tiësto2012 Армин ван Бюрен Tiësto Авичи2013 Hardwell Армин ван Бюрен Авичи2014 Hardwell Dimitri Vegas & Like Mike Армин ван Бюрен2015 Dimitri Vegas & Like Mike Hardwell Мартин Гаррикс2016 Мартин Гаррикс Dimitri Vegas & Like Mike Hardwell2017 Мартин Гаррикс Dimitri Vegas & Like Mike Армин ван Бюрен2018 Мартин Гаррикс Dimitri Vegas & Like Mike Hardwell2019 Dimitri Vegas & Like Mike Мартин Гаррикс Давид Гетта2020 Давид Гетта Dimitri Vegas & Like Mike Мартин Гаррикс2021 Давид Гетта Мартин Гаррикс Армин ван Бюрен2022 Мартин Гаррикс Давид Гетта Dimitri Vegas & Like Mike2023 Давид Гетта Dimitri Vegas & Like Mike Мартин Гаррикс2024 Мартин Гаррикс Давид Гетта Dimitri Vegas & Like Mike2025 Давид Гетта Мартин Гаррикс Alok
Дереккөздер
Санат:Ұлыбритания музыкалық журналдары Санат:Ағылшын тілді журналдар Санат:1991 жылы негізі қаланған журналдар