Леонардо Вильгельм Ди Каприо (; 11 қараша 1974 жыл, Лос-Анджелес) — америкалық актёр, кинопродюсер.

«Титаник», «Жағажай», «Нью-Йорк бандылары», «Опасыздар», «Қолыңнан келсе, мені ұстап көр», «Қарғыс атқандардың аралы» және «Түп» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал. 14 жасында актер боламын деп шешкен. Сол кездің өзінде 30-дан аса жарнамаға түскен. «Санта Барбара» хикаясының бірнеше серияларында да эпизодтық рөлдерде ойнаған. 1994 жылы өзінің талантының арқасында «Жылдам және өлі» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайды. Оны әлемге әйгілі еткен «Титаник» фильмі болатын. Осы фильмдегі рөлі арқасында ол Голливудтегі жалақысы жоғары актерлердің қатарына қосылады.

Бастапқы жылдар Леонардо Ди Каприо 1974 жылғы 11 қарашада Лос-Анджелес қаласында (Калифорния) дүниеге келген. Оның әкесі Джордж Ди Каприо неміс-итальян текті америкалық еді. Анасы Ирмелин Ди Каприо, Батыс Германия қаласы Ор-Эркеншвикте дүниеге келген. Болашақ актёрдің атын анасы қойған; оған Леонардо да Винчи есімі берілді.

Леонардо бір жасқа толғанда ата-аналары ажырасты. Леонардо анасымен бірге қалды. Анасы бірнеше жұмыс істеп жүргенде Леонардо Лос-Анджелестің бірнеше кварталдарында тұрды.

Леонардо Seeds Elementary School мектебінде оқыды. Оны бітірген соң 4 жыл Los Angeles Center for Enriched Studies университетінде білім алды.

Мансап

Бастапқы жұмыстары Леонардо алғаш рет экранға 2,5 жасында шықты. Ол кезде әкесі Леонардоны әйгілі балалар телешоуына апарған. 14 жасында Леонардо Ди Каприо актер болуды шешеді. Бір агентке Ди Каприоның аты да,шаш үлгісі де ұнап,оны жұмысқа алады. Ди Каприо 30-дан астам жарнама роликтеріне түседі және кейбір телехикаялардан эпизодтық рөл алады, олардың ішінде: «Санта Барбара», «Лессидың жаңа хикаяттары», «Розанна» және т.б.

1991—1995 Алғашқы рөлін «Мақұлықтар 3» қорқынышты кинокомедиясында сомдайды.1991 жылдан бастап Леонардо «Өсу ауруы» телехикаясында түседі.Роберт Де Ниро мен Эллен Баркинмен «Бұл жігіттің өмірі» фильмінде түсу үшін Ди Каприо телехикаядағы рөліннен кетеді.

1993 жылы Ди Каприо Джонни Депппен бірге «Гилберт Грэйптың хикаясы» драмасында түседі. Бұл фильмде ол Гилберттің інісі олигофрениямен ауыратын Арнидың рөлін ойнайды. Фильмге критиктер жақсы баға береді. Олигофрениямен ауыратын баланың рөлін сомдаған үшін Ди Каприо алғаш рет «Алтын глобус» пен «Оскар сыйлығыды» алуға номинанттардың бірі болады.

1995 жылы Ди Каприо Сэм Рэймидың «Жылдам және өлі» вестернінде түседі. Ди Каприодан басқа бұл фильмде Шэрон Стоун, Джин Хэкмен және Рассел Кроу түседі. Бұдан басқа Ди Каприо «Толық тұтылу» фильмінде Артюр Рембоны сомдайды.

Бұл рөлден кейін Ди Каприо Джим Кэрроллдың «Баскетболшы күнделігі» романының экранизациясында түседі. Фильмде Ди Каприо Кэрроллды сомдайды. Кэрролл-баскетболды ұнататын және жақсы тақпақ жазатын он алты жастағы жеткіншек. Бірақ алғаш рет есірткі қабылдаған соң Кэрроллдың өмірі деградацияға ұшырайды.

1996-2001 1996 жылы Леонардо Клэр Дэйнспен бірге Баз Лурманның «Ромео + Джульетта» фильмінде түседі. Бұл фильм қазіргі уақытқа көшірілген "Ромео мен Джульетта" трагедиясының интерпретациясы болып саналады. "Ромео + Джульетта"-Ди Каприоның әкесінің ең сүйікті фильмі.

Бұдан кейін Роберт Де Ниромен бірге «Марвинның бөлмесі» отбасы драмасында қиын мінезді жеткіншектің рөлін ойнайды. Фильмде Ди Каприомен бірге тағы Дайан Китон мен Мерил Стрип түсті.

Леонардоны ең әйгілі еткен картина Джеймс Кэмеронның «Титанигі». Алғашында Леонардо рөлден бас тартқысы келді. Кэмерон Ди Каприоның актерлік өнеріне сенім артқан соң, Леонардо фильмге түсуге келісімін береді. Фильм жылдың басты мәдениет оқиғасына айналды және «Оскар сыйлығыдың» 11 премиясын жеңіп алды. Алайда Леонардо "Ең үздік ер рөлі" категориясын жеңе алмады. Оскар сыйлығыды жеңе алмаса да, Ди Каприо осы жылы «Алтын глобусқа» ие кетті. Осы рөлдің арқасында Ди Каприо Голливудтың ең көп жалақы алатын актерлардың тізіміне кірді.

Ди Каприо камео ретінде Вуди Алленның «Жұлдыз» ақ-қара түсті фильмінде түседі. Бұл жылда Леонардо «Темір бетперде киген адам» фильмінде Людовик XIV рөлін сомдады. Бұл фильмді критиктер жақсы бағаламасада, картина АҚШ және әлем прокатында 180 миллион доллар жинайды.

Ди Каприоның келесі жобасы Дэнни Бойлдың "Жағажай" хикаятты драмасында болды. Бұл фильм Алекс Гарлендтың біраттас роман-бестселлер бойынша түсірілді. Леонардо бұл фильмде американдық туристің рөлін сомдайды. Турист жақсы өмір іздеп Таиландқа келеді. Бұл жақта нағыз жұмаққа ұқсас құпия аралға барады. Картинада Ди Каприодан басқа Виржини Ледуайен мен Тильда Суинтон түсті. Бұл фильм алдыңғы фильмдей критиктерден жаман баға алды. Бұл фильмнен басқа осы жыл прокатқа Ди Каприо түскен "Донс Плам" кафесі фильмі шықты.

2002—2007 Леонардоның 2002 жылдағы алғашқы фильмі - Стивена Спилбергтің «Қолыңнан келсе,мені ұстап көр» қылмыстық трагикомедиясы болды. Фильм Фрэнк Эбигнейлдің биографиясы бойынша түсірілді. Фильм 147 түрлі жерде және 52 күнде ғана түсірілді. Осы фильмдегі рөліне Леонардо «Алтын глобусқа» үшінші рет номинант ретінде кіргізілді.

2002 жылы Ди Каприо алғаш рет Мартин Скорсезенің «Нью-Йорка бандылары» фильмінде түсті. Бұл фильмнің сценариі - жергілікті американдық бандылар мен эмигранттар арасындағы Нью-Йорктағы қақтығыс туралы. Алғашында Мартин Скорсезе фильмнің жүзеге асыру идеясын сатқысы келді, бірақ Леонардо фильммен қызыққан соң, ол өз шешімін өзгертті. Фильмді критиктер де, көрермендер де жоғары бағалады.

Осы фильмнен кейін Ди Каприо Скорсезенің тағы бір фильмінде түсті. Ол фильм американдық бизнесмен Говард Хьюздің биографиясы бойынша түсірілген «Авиатор». Осы рөлге түсу үшін Леонардо жарты жыл дайындалды. Бұл фильмдегі рөлі үшін Леонардо алғаш рет «Алтын глобус» жеңіп алды.

2008—қазіргі уақытқа шейін 2008 жылдың басында Ди Каприо Ридли Скотттың Дэвид Игнатиустың біраттас романының желісі бойынша түсірілген «Өтіріктің тәсілі» фильмінде түсті. Фильм ЦРУ агентінің террористтерге қарсы күресі туралы әңгімелейді. Бұл рөл үшін Леонардо өз шашын басқа түске сырлады және қоңыр түсті линзаларын киді.

Бұдан кейін Кейт Уинслетпен бірге «Өзгерістер жолы» драмасында түсті. Фильм Парижге көшуді армандайтын жас отбасы туралы әңгімелейді. Осы фильм үшін Леонардо кезекті «Алтын глобус» номинациясына ие кетті.

2010 жылы Леонардо Деннис Лихейннің біраттас романының экранизациясы,Мартин Скорсезедің «Қарғыс атқандардың аралы» психологиялық триллерінде түсті. Картинада Ди Каприодан басқа Марк Руффало, Бен Кингсли мен Мишель Уильямс түсті. Леонардо бұл фильмде Эшклифф жындыханасында бір пациенттің жоғалу ісін тергеуге барған АҚШ маршалы Тедди Дениелстің рөлін сомдайды. Бұл фильмнен кейін Ди Каприо Кристофер Ноланның «Бастау» ғылымдық-фантастикалық фильмінде түсті.

2010 жылдың қараша айында Леонардо Ди Каприо Санкт-Петербургте өткен жолбарыстарды сақтау проблемасына арналған Халықаралық форумға қатысты. Осы айда Ди Каприоның компаниясы Эрик Ларсонның «Ақ қаладағы мақұлық» романын экранизациялау құқығына ие болды.

Леонардоның келесі жобасы Клинт Иствудтың «Дж. Эдгар» биографиялық драмасы болды. Бұл фильм ФБРдің алғашқы директоры Джон Эдгар Гувердің биографиясы бойынша түсірілді. Картинадағы рөлі үшін Ди Каприо кезекті «Алтын глобус» номинациясын алды.

2012 жылы Ди Каприо Квентин Тарантиноның «Азат етілген Джанго» спагетти-вестернінде түсті. Леонардо бұл фильмде алғаш рет жауыз рөлін сомдады.

Жыл өткен соң Леонардо Фрэнсис Скотт Фицджеральдтың «Ұлы Гэтсби» романының кезекті экранизациясында түсті.Бұдан кейін Леонардо кезекті рет Скорсезедің фильмінде түседі. Бұл фильмнің атауы - «Уолл-стриттегі қасқыр». Фильмнің негізі Джордан Белфорттың біраттас мемуары желісінде түскен. Белфорт-бұрынғы нью-йорк брокеры,ақша жымқыру және басқа қаржы қылмыстары үшін сотталған қылмыскер.

Жеке өмірі Қазіргі уақытта американдық әнші Рианнамен кездесіп жүр.

Леонардоның Лос-Анджелестегі Бэттери-Парк-ситиде және Нью-Йорктағы Төменгі Манхэттенде үйі бар. 2009 жылы актёр Белиздің қасында орналасқан Блэкадор аралын сатып алды. Ол аралда Ди Каприо экологиялық таза курортты ашуды жоспарлайды.

2013 жылы актер Формула Е жарысына қатысатын Venturi Grand Prix Formula E Team командасының иесі атанды.

Фильмографиясы Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Рөлі 1991Мақұлықтар 3Critters 3 Джош 1992Улы шырмауықPoison Ivy Жігіт 1993Бұл жігіттің өміріThis Boy's Life Тобиас Вульф 1993Гилберт Грэйптың хикаясыWhat's eating Gilbert Grape Арни Грэйп 1994Аяққа атылған оқ пен сауық кешThe Foot Shooting Party Бад 1995Толық тұтылуTotal Eclipse Артюр Рембо 1995Жылдам және өліThe Quick and The Dead Бала 1995Баскетболшының күнделігіThe Basketball Diaries Джим Кэролл 1996Ромео + ДжульеттаRomeo + Juliet Ромео 1996Марвинның бөлмесіMarvin's Room Хэнк 1997ТитаникTitanic Джек Доусон 1998Темір бетперде киген адамThe Man in The Iron Mask король Людовик XIV 1998ДаңқтылықCelebrity Брендон Дэрроу 2000ЖағажайThe Beach Ричард 2001"Донс Плам" кафесіDon's Plum Дерек 2002Нью-Йорк бандыларыGangs of New-York Амстердам Валлон 2002Қолыңнан келсе мені ұстап алCatch Me If You Can Фрэнк Уильям Абигнэйл 2004АвиаторThe Aviator Говард Хьюз 2006Жолынан жаңылғандарThe Departed Билли Костиган 2006Қанды алмазBloody Diamond Дэнни Арчер 2007Он бірінші сағат11th Hour,The Әңгімелеуші 2008Өтіріктің тәсіліBody of Lies Роджер Феррис 2008Өзгерістер жолыRevolutionary Road Фрэнк Уиллер 2010Қарғыс аралыShutter Island Тедди Дэниелс 2010БастауInception Доминик Кобб 2011Дж.ЭдгарJ.Edgar Эдгар Гувер 2012Азат етілген ДжангоDjango Unchained Кэлвин Кэнди 2013Ұлы ГэтсбиThe Great Gatsby Джей Гэтсби 2013Уолл-стрит қасқырыThe Wolf of Wall Street Джордан Белфорт 2015РевенантThe Revenant Хью Гласс2016Ғаламшарды сақтауBefore the Floodөзін-өзі сомдаған2019 Голливудта болған оқиғаOnce Upon a Time in HollywoodРик Далтон2021Төбеге қарамаDon’t Look UpДоктор Рэндолл Минди2023Гүлді айын өлтіргендерKillers of the Flower MoonЭрнест Бёркхарт

Атақтары Оскар сыйлығы жүлдесі Жылы Түскен киносы Категориясы 2016Оралған әруақ Үздік актер Алтын глобус жүлдесі Жылы Түскен киносы Категориясы2014Оралған әруақҮздік ер рөлі(драма)2005 Авиатор Үздік ер рөлі(драма)

MTV арнасының жүлдесі Жылы Түскен киносы Категориясы 1998 ТитаникҮздік ер рөлі 2005 Авиатор 2014 Уолл-стрит қасқырыҮздік WTF моменты

Халық таңдауы жүлдесі Жылы Түскен киносы Категориясы 2014 Уолл-Стрит қасқырыҮздік ер рөлі(драма)

Сілтемелер Ресми сайты

Дереккөздер

Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Үздік актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері