Франя Шрамек (; 19 қаңтар 1877, Соботка – 1 шілде 1952, Прага) – чех анархисті, ақын және импрессионист. Оның алғашқы өлеңі 1901 жылы «Новый культ» журналында басылып шықты. Чехославакиядағы басқыншылық кезінде оның «Раушан гүлдер мен қасіреттер» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Оның «Күміс жел» (1910) атты атақты романы импрессионизм стилінде жазылған. Осы бағытта «Жаз» және «Өзен үстіндегі ай» (1922) атты пьесалар жазады. Сондай-ақ «Маусым» (1905) атты бір актілі пьесасы бар.

Дереккөздер

Санат:Чехия ақындары