Майра Бекжұманқызы Әбусейітова (1.5.1925 жыл, қазіргі Астана — 10.10.1996 жыл Алматы) — кинорежиссер, қазақ кино аударма өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975).

Алматы киноактерлер мектебін бітірген (1947). Алматы көркем және хроникалық-деректі фильмдер студиясының кино аударма бөлімінде ұзақ жылдар бойы еңбек етті.

Әбусейітова дубляж жасаған фильмдер ішінде “Отелло” “Сияуш туралы аңыз” “Қызыл бүрген” “Қылмыс пен жаза” “Нағыз адам туралы аңыз” т.б. бар.

“Қазақфильм” тарихында ол 500-ден астам фильмді қазақша сөйлетіп, көрермен назарына ұсынуға қатысты.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:1 мамырда туғандар Санат:1925 жылы туғандар Санат:Астанада туғандар Санат:10 қазанда қайтыс болғандар Санат:1996 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:XX ғасыр кинорежиссёрлері Санат:КСРО кинорежиссёрлері Санат:Қазақстан кинорежиссёрлері Санат:XX ғасыр актрисалары Санат:КСРО актрисалары Санат:Қазақстан актрисалары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері