Аса — Жамбыл облысы Жамбыл ауданының (1973 жылдан) және Аса ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті.

Географиялық орны Облыс орталығы – Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде, Аса өзенінің аңғарына жақын орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен8640 12892 149,2 4253 6570 154,5 4387 6322 144,1

Тарихы Іргесі 1941-1942 жылдары Жамбыл-Қаратау темір жолын салуға байланысты қаланған. Аса арқылы Тараз – Ақкөл – Саудакент автомобиль жолы өтеді. Аса ауылы Қырғыз Алатауынан бастау алып, тау асып келіп, кезінде асу бермей ағып жатқан кемері кең Аса өзенінің атымен аталады, ал Аса өзені - Аса ауылының оңтүстік жағынан ағып өтеді.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері