Mұхтар Сағынғалиев (1963, Алматы қаласы). ҚазПТИ-ді (1985) және АҚШ-тағы Саффлок университетін (1995) бітірген. 1985-87 жылдары - Қазақ пайдалы қазбалар зерттеу институтының бас маманы. 1987-1995 жылдары - «Мұнай» АҚ бас геологы, бас инженері, «Пан Кападиан Петролеум ЛТД» (Канаданың Калгари қаласы) консультанты. 1995-97 жылдары - материалды- техникалық қамтамасыз ету және сатып алу департаментінің жетекші инженері, «Қазақ Түрк Мұнай» бірлескен кәсіпорнының мұнай өндіру департаментінің жетекші инженері. 1997-2003 жылдары - ЖБД бас аналитигі, «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясының Өзен кен орнын сауықтыру тобының бас геологы, «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясының техникалық даму департаментінің директоры. 2003 жылдан бастап - «ҚазМұнайГаз» Ақ ҰК Солтустік Каспий Проекті бойынша департаментінің директоры.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары