Әжібаев Садыр (1909-1968, Атырау облысы). Ембінің ардагері. 1926-1944 жылдары — Ескене мұнай өндіру кәсіпшілігінде бұрғышы көмекшісі, бұрғышы, мұнай өндіру операторы. 1947-1966 жылдары — Қошқар, Қаратон мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде мұнай өндіру цехы шебері. 1966 жылдан зейнеткер. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталган. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар