Құлхайыр Аманбаев (1952, Атырау облысы). Қазақ политехникалық институтын бітірген (1991). 1967-1976 жылдары - Оңтүстік Маңғышлақ МБЭ-де, «Маңғышлақмұнайгазқұрылыс» тресі АКҚ-да слесарь, «Өзен» МӨБ АКК-да газбен және электрмен балқытып біріктіруші, «Маңғышлақмұнай» ӨБ арнайы АКҚ-да жуу агрегатының машинисі. 1976-1997 жылдары - Маңғыстау облысы ішкі істер басқармасында қызмет. 1998-2000 жылдары - «Батыс Қазақстан инженерлік-метрологиялық басқармасы» ААҚ президенті. 2000 жылдан - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайтелеком» ЖШС бас инженері, директорының орынбасары, директоры.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары