Виталий Алексеевич Быкадаров 1935 жылы 27 шілдеде РКФСР Ростов облысы Миллер ауданының Верхняя Таловка хуторында туған. Ростов мемлекеттік университетін инженер-геолог мамандығы бойынша (1957) бітірген. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. 80-нен астам ғылыми жұмыстың, мақала мен есептің авторы. Орталық Еуразия палеографиялық атласын әзірлеуге қатысқан. 1957 жылдан - Георгиев экспедициясының геологы. 1960 жылдан - Тұрлан геофизикалық экспедициясының мұнай барлау экспедициясының аға геологы, 1964 жылдан - бас геологы. 1968 жылдан - Қазақ геофизика тресінің бөлім геологы. 1973 жылдан - ҚР Геология министрлігініц Іле геофизикалық экспедициясының бас геологы. 1905 жылдан - «ОңтүстікГЕО» табиғи ресурстар ғылыми зерттеу институтының бас геологы. Қазіргі уақытта Мәскеуде Ресей Гылым Академиясың геология институтында жұмыс істейді.
КСРО Еңбек сіңірген геолог-барлаушысы. ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы.
Торғай ойысындағы Құмкөл мұнай-газ кен орнын ашқан ізашар Жамбыл облысындағы Амангелді газ конденсаты кен орнын ашуға қатысқан.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:27 шілдеде туғандар Санат:1935 жылы туғандар Санат:Миллер ауданында туғандар Санат:Ростов мемлекеттік университеті түлектері Санат:Геология-минералогия ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан геологтары Санат:КСРО-ның еңбек сіірген геолог-барлаушылары Санат:Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушылары