нобай|Аутосамплер орнатылған газ хроматографы Газ хроматография (GC ) — бұл ыдыратпай буландыруға болатын қосылыстарды бөлу үшін аналитикалық химияда қолданылатын хроматографияның кең таралған түрі. GC көбіне белгілі бір заттың тазалығын тексеру үшін не қоспаның әр түрлі компоненттерін бөлу үшін қолданылады (мұндай компоненттердің салыстырмалы мөлшерін де анықтауға болады). Кейбір GC түрлері қосылысты анықтауға да көмектеседі. Препаративті хроматографияда қоспадан таза қосылыстарды дайындау үшін де GC-ді қолдануға болады.

Газ хроматографиясында жылжымалы фаза ретінде көбіне гелий тәрізді инерт не азот тәрізді реактивті емес тасымалдаушы газ қолданылады. Бөлу үшін сутек газы ең тиімді болғанымен, гелий құралдардың 90% қолданылатын кең таралған тасымалдаушы газ. Стационарлы фаза ретінде әдетте баған деп аталатын әйнектен не металлдан жасалған түтіктің ішкі қабырғасынадағы инертті қатты тіректегі сұйықтықтың немесе полимердің микроскопиялық қабаты қолданылады. Газ хроматографиясын жүргізу үшін қолданылатын құрал газ хроматограф (немесе «аэрограф», «газ сепараторы») деп аталады.

Талданатын газ қосылыстар стационарлы фазамен қапталған бағанның қабырғамен әрекеттеседі. Қоспадағы әр қосылыс тежелу уақыты деп аталатын белгілі бір уақытта элюцияланады (шайылып шағады). Тежелу уақытын салыстыру арқылы қосылыстарды бір-бірінен ажыратуға болды. Бұл GC-ге оның аналитикалық тиімділігін береді.

Газ хроматография принципі бойынша бағанды хроматографияға ұқсас (хроматографияның басқа түрлері сияқты, мысалы, HPLC), бірақ бірнеше маңызды айырмашылықтары бар. Біріншіден, қоспадағы қосылыстарды бөлу үшін GC-де стационарлы фаза мен газ күйіндегі жылжымалы фаза қолданылады, ал бағанды хроматографияда сұйық жылжымалы фаза қолданылады. Екіншіден, баған газдың температурасын басқаруға болатын пеште орналасқан, ал бағанды хроматографияда көбіне температураны өзгертпейді. Үшіншіден, газ фазасындағы қосылыстың концентрациясы бұл тек газдың бу қысымының функциясы.

Газ хроматографиясы кейде бу фазалы хроматография (VPC) немесе газ-сұйықты таралу хроматографиясы (GLPC) деп те аталады. Бұл балама атаулар, сондай-ақ олардың қысқартулары ғылыми әдебиетте жиі қолданылады.

Тарихы Хроматография орыс ғалымы Михаил Семенович Цветтің 1903 жылғы сұйық хроматография көмегімен өсімдік пигменттерін бөлген эксперименттеріне негізделген. Неміс химигі Эрика Кремер 1947 жылы аустриялық докторант Фриц Приормен бірге GC-дің теориялық негіздерін жасап, алғашқы сұйық-газды хроматографты жасады, бірақ оның жұмысы маңызды емес болып саналды және ұзақ уақыт бойы еленбеді. Арчер Жон Портер Мартин сұйық-сұйық (1941) және қағаз (1944) хроматографиясын дамыту жұмысы үшін Нобель сыйлығына ие болды, сондықтан газ хроматографиясының негізін қалады деп есептеледі. Газ хроматографиясының қолданысы жалынмен иондау детекторы (FID) дамығаннан кейін тез өсті.

GC арқылы талдау Газ хроматографы - күрделі үлгідегі химиялық заттарды бөлуге арналған химиялық талдау құралы. Газ хроматографы баған деп аталатын, газ ағыны өтетеін жіңішке түтікті пайдаланады. Үлгідегі қосылыстар әртүрлі химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты және стационарлы фаза деп аталатын материалмен әрекетесуіне байланысты баған бойымен әртүрлі жылдамдықта қозғалады. Химиялық заттар бағаннан шыққан кезде, олар электронды түрде анықталады және сәйкестендіріледі. Бағандағы стационарлы фазаның мақсаты қоспадағы компоненттерді бөлу. Оның арқасында компоненттердің әрқайсысы бағаннан әртүрлі уақытта (тежелу уақыты) шайылып шығады. Тежелу ретін немесе уақытын өзгерту үшін қолдануға болатын басқа параметрлер - тасымалдаушы газдың ағын жылдамдығы, бағанның ұзындығы мен температурасы. нобай|Газ хроматографының диаграммасы. GC арқылы талдау кезінде, сұйық немесе газ түріндегі аналит әдетте микрошприцті (немесе, қатты фазалы микроэкстракция талшықтары, газ көзін ауыстыру жүйесін) пайдаланып, бағанның «басына» айдалады. Тасымалдаушы газ баған арқылы аналит молекулаларын жылжытады, бұл қозғалысты аналит молекулаларының адсорбциясы тежейді. Молекулалардың баған бойымен қозғалу жылдамдығы адсорбция күшіне байланысты, бұл өз кезегінде молекуланың түріне және стационарлы фазаның материалдарына байланысты болады. Әрбір молекуланың жылжу жылдамдығы әр түрлі болғандықтан, қоспаның компоненттері бөлініп, олар бағанның соңына әр түрлі уақытта жетеді (тежелу уақыты). Бағаннан шығыс ағынын бақылау үшін детектор қолданылады; осылайша, әрбір компоненттің шығатын уақыты мен оның мөлшерін анықтауға болады. Әдетте заттарды сапалық анықтау үшін бағаннан шығу реті не тежелу уақыты қолданылады.

Аспап бөлшектері

Аутосамплерлер Аутосамплерлер үлгіні инлетке автоматты түрде енгізуге мүмкіндік береді. Үлгіні қолмен енгізу мүмкін болғанымен, қазіргі кезде көп таралмаған. Автоматты түрде енгізу қайталанғыштықты жақсартады және уақытты тимді пайдалануға көмектеседі. alt=An autosampler for liquid or gaseous samples based on a microsyringe|нобай|Микрошприцке негізделген сұйық немесе газ тәрізді үлгілерге арналған аутосамплер Әр түрлі аутосамплерлер бар. Аутосамплерлерді робот технологияларына қарай (ең көп таралғандары: XYZ роботы және айналмалы роботтар) сыйымдылығына қарай (ауто-инжекторлар және аутосамплерлер) немесе үлгі түріне қарай жіктеуге болады: Сұйық Статикалық бу фазасы Динамикалық бу фазасы Қатты фазалы микроэкстракция (SPME)

Инлеттер нобай|сплит/сплитсіз инлет. Бағанның инлеті (немесе инжекторы) үлгіні тасымалдаушы газдың үздіксіз ағымына енгізуге мүмкіндік береді. Инлет - бағанның басына бекітілген аспаптық бөлік.

Инлеттің негізгі түрлері:

S/SL (сплит/сплитсіз) инжектор; үлгі қыздырылған шағын камераға шприц арқылы септумды тесіп енгізіледі - жылу үлгіні және үлгі матрицасының булануын жеңілдетеді. Содан кейін тасымалдаушы газ үлгіні толығымен (сплитсіз режим) немесе үлгінің бір бөлігін ғана (сплит режимі) бағанға айдайды. Сплит режимінде, енгізу камерасындағы көмей арқылы үлгі/тасымалдаушы газ қоспасының бір бөлігі шығарылады. Талдаудың жоғары концентрациясы бар үлгілермен жұмыс жасау кезінде (>0,1%) сплитті енгізу қолданылады, ал сплитсіз енгізу аз мөлшердегі аналиттерді (<0,01%) талдауға ыңғайлы. Сплитсіз режимде жүйені ластайтын ауыр компоненттерден тазарту үшін алдын ала белгіленген уақыттан кейін енгізу камерасындағы көмей ашылады. Бұл алдын ала белгіленген уақытты бейімдеген жөн, қысқа уақыт (мысалы, 0,2 мин), шыңның дұрыс болуын қамтамасыз етеді, бірақ детектор жауабы жоғалады, ұзақ уақыт (2 мин) шыңның "құйрығын" ұзартады, бірақ сигналды да арттырады. Бағандағы инлет; сынама бағанға толығымен қыздырусыз, еріткіштің қайнау температурасынан төмен температурада енгізіледі. Төмен температура үлгіні тар аймаққа жинайды. Содан кейін баған мен инлетті қыздырып, үлгіні газ фазасына жіберуге болады. Бұл хроматография үшін ең төменгі температураны қамтамасыз етеді және үлгілерді олардың қайнау температурасынан жоғары температураларда ыдырауға жол бермейді. PTV инжекторы; Температурасы бағдарламаланған үлгіні енгізуді алғаш рет 1979 жылы Фогт сипаттады. Бұл алғашында капиллярлы GC-ға үлгінің үлкен көлемдерін (250 мкл дейін) енгізу үшін дамытылған әдісі болды. Фогт үлгіні бекітілген енгізу жылдамдығымен лайнерге айдады. Лайнердің температурасы еріткіштің қайнау температурасынан сәл төмен болды. Сәл қайнап жатқан еріткіш үздіксіз буланып, сплит көмейі арқылы шығарылды. Осы әдістің негізінде Пой Бағадарламаланатын Температуралы Буландырғыш (PTV) инжекторын ойлап тапты Газ көзі инлеті не газ көзін ауыстыру жүйесі. P/T (бөліп тұзақтау) жүйесі; Инертті газ су ерітіндісі арқылы көпіршіп өтіп, ерімейтін ұшқыш химиялық заттарды матрицадан бөледі. Ұшқыш заттар адсорбентпен толтырылған бағанға (тұзақ, концентратор) қалыпты температурада «тұзақталады». Содан кейін бағанды қыздырады және ұшқыш заттарды газ ағынына тасымалдайды. Концентрлеуді немесе тазартуды қажет ететін үлгілерді, әдетте, S/SL портына жалғанған осындай жүйе арқылы енгізуге болады.

Тасымалдаушы газды (жылжымалы фазаны) таңдау өте маңызды. Сутектің тиімділігі жағынан гелиймен салыстыруға болатын ағындардың ауқымы үлкен. Алайда, ағым жылдамдығы бейімделген болса, гелий тиімдірек болады, және ең жақсы бөлінуді қамтамасыз етеді. Гелий жанбайды және көптеген детекторлармен және ескі құралдарда жұмыс істейді. Сондықтан, гелий - ең көп таралған тасымалдаушы газ. Алайда, гелийдің бағасы соңғы жылдары айтарлықтай өсті, бұл ғалымдардың көбін сутегі газына ауысуға мәжбүр етті.

Детекторлар Ең жиі қолданылатын детекторлар - жалынмен иондау детекторы (FID) және жылу өткізгіштік детекторы (TCD). Екеуі де компоненттердің көбіне сезімтал және екеуі де концентрацияның кең ауқымында жұмыс істейді. TCD-лар іс жүзінде әмбебап болып табылады және оны тасымалдаушы газдан басқа кез келген компоненттерді анықтау үшін қолдануға болады (жылу өткізгіштігі тасымалдаушы газдан өзгеше болса), FID бірінші кезекте көмірсутектер үшін қолданылады және оларға TCD-ға қарағанда сезімтал. Алайда FID суды анықтай алмайды. Екі детектор да айтарлықтай сенімді. TCD ыдыратпайтын детектор болғандықтан, оны FID алдында қолданып, сол аналиттердің толық анықталуын қамтамасыз етуге болады. Басқа детекторлар тек заттардың белгілі бір түрлеріне ғана сезімтал немесе концентрациялардың тар ауқымында ғана жақсы жұмыс істейді.

Жылу өткізгіштік детекторы (TCD) вольфрам-рений филаменті арқылы өтетін заттың жылу өткізгіштік қабілетіне сүйенеді. Бұл қондырғыда гелий немесе азот жоғары жылу өткізгіштігі арқасында тасымалдаушы газ ретінде қызмет етеді, олар филаментті суытып, біркелкі кедергі мен филаменттің электрлік тиімділігін қамтамасыз етеді. Алайда, аналит молекулалары бағаннан шыққанда, жылу өткізгіштік күрт төмендейді, бұл детектордың жауабын тудырады. Жауап жылу өткізгіштіктің төмендеуіне байланысты, себебі бұл температураның жоғарылауына әкеледі, ал бұл өз кезегінде филаменттің кедергісін арттырады. Детектордың сезімталдығы филаменттегі тоқ күшіне пропорционал, ал ол детектордың қоршаған орта температурасына және тасымалдаушы газдың ағын жылдамдығына кері пропорционал.

Жалынмен иондау детекторында (FID) бағаннан шыға беріс жеріне жақын орналасқан сутегі ауамен жанатын жалынға электродтар орналастырылады, ал көміртегі бар қосылыстар бағаннан шыққан кезде олар жалынмен пиролизденеді. Бұл детектор органикалық заттар не көмірсутектері бар қоспалар үшін ғана жұмыс істейді, өйткені көміртек пиролиз кезінде электродтар арасында ток тудыратын катиондар мен электрондар түзе алады. Тоқ үшінің артуы тіркеліп, хроматограмманың шыңы ретінде көрінеді. FID-лерде анықтау шегі төмен (секундына бірнеше пикограмм), бірақ олар карбонилді көміртектен иондар түзе алмайды. FID үшін жарайтын тасымалдаушы газдарға гелий, сутегі, азот және аргон жатады.

Сілтілік жалын детекторы (AFD) немесе сілтілік жалынмен иондау детекторы (AFID) NPD тәрізді азот пен фосфорға жоғары сезімталдыққа ие. Алайда сілтілік металл иондары жалынның үстіндегі түйірден емес, сутегі газымен шығады. Осы себепті AFD NPD сияқты «шаршамайды», және ұзақ уақыт бойына тұрақты сезімталдықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сілтілік иондар жалынға қосылмаған кезде, AFD стандартты FID сияқты жұмыс істейді. Каталитикалық жану детекторы (CCD) жанғыш көмірсутектер мен сутекті өлшейді. Разрядтаумен иондау детекторы (DID) иондау үшін жоғары вольтты электр разрядын пайдаланады.

Полиарк реактор - бұл FID арқылы анықтамас бұрын барлық органикалық қосылыстарды метан молекулаларына түрлендіретін GC-FID құралдарына қосымша. Бұл әдісті FID сигналын жақсарту үшін қолдануға болады және көбірек көміртекті қосылыстарды табуға мүмкіндік береді. Қосылыстардың метанға толық конверсиясы калибрлеу мен стандарттардың қажеттілігін жояды, өйткені барлық қосылыстардың жауап факторлары бірдей. Бұл күрделі қоспаларды жылдам талдауға мүмкіндік береді.