Азамат Жанәбілұлы Тұрсынов 1955 жылы 17 наурызда Қостанай облысы Қарасу ауданының Қарасу ауылында туған. Қазақ. Уақ тайпасынан шыққан.
Әкесі - Тұрсынов Жанәбіл Шаяхметұлы (1925-2007), ҰОС қатысқан, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру комитетінің меңгерушісі, кеңшардың бас і болып жұмыс істеген. Анасы - Тұрсынова Зәйтүш Уапқызы (1934 жылы туған), 8 бала тәрбиелеген, үй шаруасымен айналысады. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген (1972), инженер-механик.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (1999 жылдан).
1977 жылдан - Амангелді кеңшары Қарасу ауылының бақылаушы инженері. 1979 жылдан - Қарасу аудандық ауыл шаруашылығын өндірістік-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі бірлестігінің қосымша бөлшектер бойынша инженері, 1980 жылдан - механикалық отрядтың инженер-технологы, 1982 жылдан - жөндеу шеберханасының аға бақылаушы инженері. 1986 жылдан - Қостанай облысының Қарасу ауданындағы Бақан кеңшарының аға инженері. 1990 жылдан - Қостанай облысының Қарасу ауданындағы «Майский» кеңшарының директоры. 1994 жылдан - Қостанай облысының Қарасу ауданындағы «Майское» ұжымдық кәсіпорынының директоры. 1997 жылдан - Қостанай облысының Қарасу ауданының әкімі. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша 4-ші шақырылымының депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен марапатталған (1999).
Әскери атағы - запастағы подполковник.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеп, дамылсыз дами беретін Қазақстан».
Хоббиі - саятшылық, спорт, балық аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев.
Үйленген. Жұбайы - Тұрсынова Роза Уахитқызы. Қызы - Тұрсынова Динара; ұлы - Тұрсынов Әлібек.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1955 жылы туғандар