Айгүл Қуанышқызы Ташенова 1965 жылы 24 қыркүйекте Гурьев қаласында туған. Қазақ. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1987). Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1987 жылдан- Гурьев облыстық қорғаушылар алқасының қорғаушысы қызметіне сынақ мерзімінен өтуші, қорғаушы. 1992 жылдан - Атырау облысы Балықшы аудандық сотының әкімшілік және атқару өндірісі жөніндегі судьясы. 1993 жылдан - Атырау облысы Балықшы аудандық сотының судьясы. 1997 жылдан - ҚР Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 1999 жылдан - ҚР Әділет министрлігі Департаментінің соттардағы кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы. 2000 жылдан - Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы. 2004 жылдан - Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының төрайымы міндетін атқарушы, 2005 жылдан - сот төрайымы. 2007 жылдың мамыр айынан - Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы. 2010 жылдың ақпан айынан бері - Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрайымы. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:1965 жылы туғандар