Бауыржан Мамытбекұлы Сматлаев (30 наурыз, 1961 жыл, Шымкентте туған) - Заң ғылымдарының кандидаты (2005), Атырау облысының прокуроры (2009 жылдан).
Өмірбаяны С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1983), мамандығы - «Құқықтану». Заң ғылымдарының кандидаты (2005). 1978 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінің студенті. 1983 жылдан - Шымкент қаласы Еңбекші аудандық прокуратурасында сынақ мерзімінен өтуші. 1984 жылдан - Шымкент облысы Түлкібас аудандық прокуратурасында тергеуші. 1987 жылдан - Шымкент облысы Сайрам аудандық прокурорының көмекшісі, 1988 жылдан - аға көмекшісі. 1989 жылдан - Шымкент облыстық прокуратурасында қылмыстық істердің соттарда қаралуын қадағалау бөлімінің прокуроры. 1990 жылдан - Шымкент облыстық прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасы бастығының орынбасары. 1991 жылдан - Шымкент қаласы Еңбекші аудандық прокурорының орынбасары. 1992 жылдан - Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры. 1996 жылдан - ОҚО прокуратурасында Тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры. 1998 жылдың сәуір айынан ҚР Бас прокуратурасының ҚР ІІМ органдарындағы тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының бөлім прокуроры, 1998 жылдың қараша айынан - Басқарма прокуроры. 1999 жылдан - Семей қаласының прокуроры. 2002 жылдан - Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуроры. 2003 жылдан - ШҚО прокуратурасындағы Алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы. 2004 жылдан - Ақтөбе облыстық прокурорының бірінші орынбасары. 2007 жылдан - Павлодар облыстық прокурорының бірінші орынбасары. 2009 жылдан бері - Атырау облысының прокуроры. Марапаттары «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2009). ҚР прокуратурасының Құрметті қызметкері (2004). Аға әділет кеңесшісі. Отбасы Әкесі - Сматлаев Мамытбек. Анасы - Сматлаева Әсем. Үйленген. Жұбайы - Сматлаева Гүлнәр Ошақбайқызы. Қыздары - Мамытбекова Айжан Бауыржанқызы, Сматлаева Әсел Бауыржанқызы, Мамытбек Жанэль Бауыржанқызы; Ұлы - Сматлаев Апмасхан Бауыржанұлы.Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:30 наурызда туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:Шымкентте туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Заң ғылымдарының кандидаттары Санат:Атырау облысының прокурорлары Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан Республикасы прокуратураның құрметті қызметкерлері