Ерболат Рахметұлы Мұқаев (8.12.1961 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы) - мемлекет қайраткері.
Білімі
Гурьев педагогикалық институтын (1984) физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін (1987) саясаттанушы мамандығы бойынша; Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін (2002) экономист мамандығы бойынша бітірген.
Қызмет жолы 1984-1985 жылдары - Фурманов орта мектебінің (Жалпаақтал ауылы) физика мұғалімі. 1986 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Фурманов аукомының хатшысы. 1987 жылдан - Қазақстан ЛКЖО обкомының (Орал қаласы) бөлім меңгерушісі. 1988 жылдан - Қазақстан Компартиясының Фурманов аудандық комитетінің бірінші хатшысы, екінші хатшысы. 1991-1992 жж. - Фурманов аудандық статистика және талдау бөлімінің бастығы. 1993 жылдан - БҚО Жалпақтал ауданы әкімінің орынбасары. 1996 жылдан -БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, ұйымдық-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан - БҚО Халықтың жұмыспен қамтылуын үйлестіру және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары. 2005 жылдан - Орал қаласы әкімінің орынбасары. 2007 жылдан - БҚО әкімі аппаратының басшысы. 2008 жылдан бері - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:8 желтоқсанда туғандар Санат:Атырау мемлекеттік университеті түлектері Санат:БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебі түлектері Санат:Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан КП Казталов аудандық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары