Нұрділлә Зейнедоллаұлы Сейітов 1963 жылы 10 желтоқсанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Ақұйық ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Сейітов Зейнедолла, зейнеткер. Анасы - Болатбекова Айдаркүл, үй шаруасында. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1989), заңгер. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1981 жылдан - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Бірлік» кеңшарының жұмысшысы. 1982 жылдан - С.М. Киров атындагы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1990 жылдан - Алматы қаласы Совет ауданының прокуратурасында прокурордың көмекшісі-сынақ мерзімінен өтуші, 1991 жылдан - прокурордың көмекшісі, 1992 жылдан - прокурордың ага көмекшісі, 1993 жылдан - прокурордың орынбасары. 1994 жылдан - Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы. 1995 жылдан - Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы. 1997 жылдан - Алматы қаласы Апмалы аудандық сотының Орталық сот учаскесінің судьясы, Алматы қаласы Алмалы аудандық №2 сотының судьясы. 2002 жылдан - Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының төрағасы. 2009 жыл-дан - Алматы қаласы Түркісіб аудандық сотының төрағасы. 2010 жылдың ақпан айынан бері - Қызылорда облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы. «Құрмет» орденімен марапатталған (2008). Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ф. Рузвельт. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикасы дамыған құқықтық мемлекет». Хоббиі - тарихи әдебиет. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, естеліктер. Үйленген. Жұбайы - Нұрсұлу (1966 жылы туған), заңгер. Ұлдары - Нұрбек (1990 жылы туған), Наржан (1996 жылы туған); қызы - Әмими (2002 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар