Юбилейное — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Ильич ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Шерубайнұра өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1193 1026 955 93,1 508 481 94,7 518 474 91,5

Тарихы Іргесі 1939 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Ішкі істер министрлігіне қарасты Қарлаг бөлімшесінің “Қотыр” атты базасы ретінде қаланды. 1962 жылы Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің 31-қаулысы бойынша сол кездегі Мичурин ауданының ауыл шаруашылық басқармасына берілді. 1996 жылдан Юбилейноеде және округке қарасты Жон, Қарнақ, Тасзаемка ауылдарында ЖШС және 40-тан астам шаруа қожалықтары құрылды. Ең жақын темір жол стансасы – Қарабас (30 км).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері