Таксила (, деванагари: तक्षशिला) — Пәкістан территориясында біздің дәуірімізге дейінгі V ғасыр мен біздің дәуіріміздің бірінші ғасырлары арасында бірін-бірі алмастырған үш қаланың (олардың қазіргі аттары — Бхир Моунд, Сиркап және Сирсук) жалпы аты. Егер де Бхир Моунд (біздің дәуірімізге дейінгі V—II ғасырлар) ретсіз салынған құрылыстар шоғыры ғана болса, Сиркап (біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр — біздің дәуіріміздің I ғасыры) солтүстіктен оңтүстікке қарай тартылған басты, көне көшенің екі жағынан жоспарлы түрде орналасқан болатын, ол көшеден бүйірге қарай тік тартылған көлденең көшелер шығатын. Басты көшеге жақын маңға, тұрғын кварталдардың дәл ортасына діни құрылыстар орналасқанОңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия өнері. — Алматы: Өнер, 1990. ISBN 5-89840-221-7. thumb|upright|Таксилада қазылған эллиндік жұп (IV)

Галерея

Дереккөздер

Санат:Пәкістан тарихы Санат:Әлемдік мұра Санат:Буддизм Санат:Жібек жолы Санат:Көне қалалар Санат:Университеттер Санат:Пәкістан қалалары