Эри () – Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдер жүйесіндегі көл. Гурон және Онтарио көлдерінің аралығында, теңіз деңгейінен 174 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы Канадаға, оңтүстік жағалауы АҚШ-қа қарайды. Аумағы 25,7 мың км². Тереңдігі 64 м. Су деңгейі жазда көтеріліп, қаңтар – ақпан айларында төмендейді. Эриге Детройт өзені құйып, Ниагара өзені ағып шығады. Кеме жүзеді. Сент-Клэр өзені арқылы Гурон көлімен, Ниагара және Уэлленд каналы арқылы Онтарио көлімен жалғасқан; Эри көлі АҚШтың Мичиган, Огайо, Пенсильвания және Нью-Йорк штаттарының және Канаданың Онтарио провинциясының жағалауларын шайып жатыр; Эри канал жүйесі Гудзон өз-мен жалғастырады. Басты порттары: Толидо, Кливленд, Буффало, Эри (АҚШ), Порт-Колборн (Канада). Солт. жағалауында Пойнт-Пили ұлттық саябағы құрылған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:Эри көлі Санат:Ниагара су алабы Санат:Шекаралық көлдер