Шекті мөлшерлегіштер (орыс. предельные калибры)— бұл детальдардың нақты өлшемдерінің шекті рұқсат етілген мәнге (допуск) сай келуін тексеруге арналған өлшеу құралы. Олар дайын бұйымның немесе тетік бөлшектің белгілі бір шектерге сәйкес келетін-келмейтінін тексереді.Әбдіқадыров, Т. А. (2008). Механикалық өңдеу құралдары мен өлшеу аспаптары: Оқу құралы. Алматы: ҚазҰТУ. Үлкен сериялы, өндірістерде дәлдік шегі ІТ6 IT17 болатын тетіктерді бақылауға арналған мөлшерлегіштер. Бүл мөлшерлегіштер тегіс цилиндрлік, конустық, бұрандалы жәнс оймакілтекті тетіктердің өлшемдерін, беттердің орналасуын, тереңдікті, биіктікті және т.б. параметрлерді тексереді.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Қолданылу мақсаты:

Бақылау: Жаппай өндірісте бөлшектердің сапасын тез әрі тиімді тексеру. Қателерді болдырмау: Өлшемнің белгіленген шектен аспауын қамтамасыз ету. Орындалуын растау: Деталь немесе саңылау ГОСТ немесе ISO стандарттарына сай ма, соны анықтау.Оспанов, Е. С., & Жүнісов, А. Н. (2011). Инженерлік графика және өлшеу техникасы. Астана: ЕҰУ баспасы.

Шекті калибрлердің түрлері Өтетін (Проходной) — Өлшем нормадан үлкен емес екенін тексереді. Курочкин, С. И. (2005). Контрольно-измерительные инструменты и приборы. Москва: Машиностроение.

Өтпейтін (Непроходной) — Өлшем нормадан кіші емес екенін тексереді.

Қолдану мысалы:

Диаметрі 10 ±0.05 мм болуға тиіс саңылауды тексеру үшін:

9.95 мм өтетін шекті мөлшерлегіш — өтсе, қалыпты; 10.05 мм өтпейтін шекті мөлшерлегіш — өтпесе, қалыпты.Ильин, Н. И. (2012). Метрология, стандартизация и сертификация. Санкт-Петербург: Лань.

Артықшылықтары

Жылдам және қарапайым қолдану; Машиналық өндірісте автоматтандыруға жарамды; Қолжетімді және дәл құрал.Ахметов, Б. Ж. (2017). Өлшеу техникасы негіздері: Оқу құралы. Алматы: Технополис.

Дереккөздер

Санат:Өлшеу техникасы