Эмиссиялық Бағалы Қағаз – бір эмиссия шегінде бір тектес белгілер мен деректемелерге ие болатын, осы мақсатқа арналған бірыңғай ережелер негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаз. Бір мезгілде мынадай белгілерімен сипатталады: куәландыруға«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том, кеңшілік беруге және “Бағалы қағаздар нарығы туралы” ҚР Заңында (2003) белгіленген нысандар мен тәртіпті сақтай отырып, сөзсіз жүзеге асырылуға жататын мүліктік және беймүліктік құқықтардың жиынтығын бекітеді. Шығарылым түрінде орналастырылады, бағалы қағаздың сатып алынған уақытына қарамастан бір шығарылым ішінде құқықтың тең көлемі мен жүзеге асырылу мерзімі болады. Эмиссиялық бағалы қағаз құжаттамалық шығарылым нысанындағы атаулы бағалы қағаздар (атаулы құжаттамалық бағалы қағаздар), шығарылымы құжаттамасыз нысандағы атаулы бағалы қағаздар (атаулы құ-жаттамалық бағалы қағаздар), шығарылымы құжаттамалық нысандағы ұсынушыға арналған бағалы қағаздар (ұсынушыға арналған құжаттамалық бағалы қағаздар) нысандарының бірінде шығарылады. Эмитент таңдаған бағалы қағаздар нысаны оның құрылтайшылық құжаттарында немесе эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы шешімде және эмиссия аңдатпасында бір мәнде айқындалуға тиіс. Бұл талаптардың орындалмауы бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуден бас тарту үшін негіз болады.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

Дереккөздер

Санат:Бағалы қағаздар Санат:Қаржы Санат:Экономика