Мәскеу көшесі (Астана) - бұрынғы атауы Московский көшесі. Мәскеу көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, Мұхтар Әуезов көшесінде аяқталады. Сарыбұлақ, Берел, Бекетай, Б. Хмельницкий, Ә. Ділманов, Г. Потанин, Жеңіс даңғылын, Желтоқсан, Бейбітшілік көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 2281,2 метр. Мәскеу - Ресей федерациясының астанасы. Ресейдің Еуропа бөлігінде Мәскеу өзенінің жағасында орналасқан. Бұл көшеде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы орналасқан.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері