Әзірбайжан Мәмбетов көшесі - Ә. Мәмбетов көшесі Ғ. Қараш көшесінен басталып, Ағыбай батыр, А.Иманов, Бұқарбай батыр, Кенесары көшелерін қиып өтіп, Абай даңғылында аяқталады. Ұзындығы - 846,3 м.

Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов (1932-2009) - қазақстандық және бұрынғы кеңес театр, кино және опера режиссері, педагог, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның Халық қаһарманы және ең жоғары «Отан орденінің» иегері. Астана қаласының Құрметті азаматы (2000 жыл). Бұл көшеде Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, ОБСЕ орталығы, БҰҰ өкілдігі, «Абай» кітап үйі орналасқан.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астана көшелері тізімі

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері