Қозғалмалы белдеулер кешенін, сирегірек кристалдық іргетастар кешенін күрт үйлесімсіз көмкеретін шөгінді, жанартаутекті және интрузиялық таужыныстар бірлестігі. М.К. таулы көтерілімдердің көрініс беруі барысында қалыптаса отырып, сол таулармен бір-бірінен дербестелген тауаралық ойыстарда, қазанойпаттарда, грабендерде және шеткі ойысымдарда түзіледі. М.К. құрамында молассалық формациялар шешуші рөл атқарады.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ