thumb| alt=A.

Эволюта және эвольвента (лат. evolutur – жазылған, evolvens, evolventіs – жазылатын, evolvo – жазамын) l – жазық қисық (қ. сурет) болсын; l қисық сызығының қисықтық центрлерінің (m) геометрия орны осы қисық сызықтың эволютасы деп, ал l қисық сызығы өзінің эволютасына қатысты эвольвента деп аталады. Эволюта және эвольвентаның төмендегідей қасиеттері бар: 1) эволютаның кез келген C нүктесіндегі C жанамасы эвольвентаның D нүктесіндегі нормалы болады; 2) эвольвентаның B және D нүктелеріндегі AB және CD қисықтық радиустарының айырымы эволютаның AC доғасының ұзындығына тең; 3) эволюта эвольвента нормальдары үйірінің қоршаушысы болады. Егер l сызығы х=х(t), у=у(t) параметрлік теңдеулерімен берілсе, онда оның эволютасының параметрлік теңдеулері төмендегіше жазылады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:Білім