Юлия Степановна Князева (1929-2002), кітапханшы, Мәскеу мемлекеттік кітапхана институтын бітірген (1955). Институттан соң Қарағандыға жіберіледі. Қызмет жолы облыстық Абай атындағы балалар кітапханасынан басталады. 1962-1966 жылдары Қаз КСР ҒА Химия-металлургия институтының ғылыми кітапханасында еңбек етеді. 1966-1988 жылдары Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхананың директоры. Князева басқарған жылдары кітапхана дамып, алдыңғы қатарлы тәжірибе жинақтайтын орталыққа айналды. Қызмет көрсетудің түрлері кеңейіп, жаңа бөлімдер мен секторлар ашылды. КСРО кітапхана қызметкерлері құрамында Финляндия еліңде тәжірибе алмасты. Н.К.Крупская атындағы медальдың лауреаты.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы Санат:1929 жылы туғандар Санат:2002 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан кітапханашылары