Тұран даңғылы — Астана қаласының сол жағалауындағы ең үлкен көшелерінің бірі. Сарыарқа даңғылынан кейін басталып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылысатын тұста аяқталады. Ұзындығы — 10 161 метр.

Тұран — Түркістан өлкесінің көне атауы. Тұранда түркі халықтарының арғы тегінен сыр шертетін "Алып Ер Тоңа" атты дастан дүниеге келген. VI ғасырдан бастап «Тұран» сөзі — түріктер мекендейтін жер, елдің атауы ретінде қолданыла бастаған.

Бұл даңғылда "Бақыт" неке сарайы, "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы, "Думан" қонақ үйі орналасқан. Сонымен қатар, "Барыс арена" мұз айдыны мен "Астана Арена" спорт кешені, "Ғашықтар" саябағы бар.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы

Санат:Астана көшелері