Көшеге қазақтың аса, талантты жазушысы, сарабдал сыншы, ақын Тәкен Әлімқұловтың есімі (Алматы қаласы мәслихатының 24.12.2003 № 27 шешімі мен Алматы қаласы әкімшілігінің 26.12.2003 № 5/765 қаулысы) берілген. Тәкен Әлімқұлов (1918-1987) Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Ол - «Жол», «Жазғы жаңбыр», «Туған ауылда», «Кертолғау», «Сұр қыран» т.б. жинақтардың авторы. Көше Алатау ауданындағы «Ақбұлақ» шағынауданында орналасқан. Қасым Шәрипов көшесінен Бағаев көшесіне дейін созылып жатыр. Бұрынғы атаулары: 10-шы көше, Жаңа 1-ші көше.

Көшенің ұзындығы - 700 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0

Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері